12 дек 2020
Страницы КГУ "СШ имени Касыма Кайсенова

Попечительский совет

Хаттама№17

20 қазан 2020 жылы «Қасым Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ-де қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті.

Қатысқандар:8

Қатыспағандар:1

Күн тәртібінде:

1.Қамқоршылық кеңес төрағасын(төрайымын), кеңес орынбасарын және хатшысын сайлау.

2.Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және мақсаты, бағыттары, функцияларымен танысу.

3.2020-2021 оқу жылына Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларды мектеп формасымен қамтылуы және АӘК алатын отбасы балаларын ыстық тамақпен қамту туралы.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры М.Рахымбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым беруминистрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстыру, үлгілік қағидалары аясындажұмыс жүргізу керектігі жайлы айтып өтті.

Алдымен өз арамыздан қамқоршылық кеңес төрағасын (төрайымын) және кеңес хатшысын ашық дауыс беру тәртібімен сайлап алу қажет. Сондай-ақ қамқоршылық кеңес мүшелері бір-бірлеріне туыстық қарым-қатынастары болмау керектігі және қамқоршылық кеңес хатшысы қызметіне мектеп тарапынан болуы жайлы айтылды.

Мектеп жанаындағы қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды. Сонымен қатар қамқоршылық кеңес мүшелері өз өкілеттігін орындауды өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына кімдер болу керектігі айтылды.

1.жергілікті өкілдік, атқарушы және құқықтық қорғау органдардың өкілдері;

2.жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3.коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4.қайырымдылық жасаушылар (бар болса);

Жарыс сөз:

А.Нургалиев («Жұмық баба»мешітінің имамы) қамқоршылық кеғесінің төрағасы(төрайымын)сайлау үшін мектеппен үнемі тығыз байланыс жасайтын, жауапкершілігі бар тұлға керек екендігін айтып К.Шайхинаны кеңес төрайымы болуына лайық екенін айтты.

Күн тәртібіндегі міселелерді талқылай келе, төмендегідей қаулы етеді:

1.Қамқоршылық кеңес төрайымы болып көпішілік дауыспен Шайхина Күлшира, кеңес төрайымы және хатшысы болып Габдуллаева Алмагүль сайлансын.

2.Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру, қайырымдылық жұмыстарын жүргізу алға қойылсын.

3.2020-2021 оқу жылында Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар бірыңғай оқу формасымен қамтылсын.

Қамқоршылық кеңес төрайымы: К.Шайхина

Хатшысы:  А.Габдуллаева

Новости
Полезные информационные ресурсы